Қазақстанда бензин қаншалықты қымбаттады?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткен айда АИ-92 бензинінің бағасы қалай өзгергенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Деректер 2021 жылы наурыздың басында және соңында болған бағаларды салыстыру арқылы ұсынылған. Бұл өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалардағы орташа көрсеткіштер.

АИ-92 бензині еліміздегі барлық өңірінде қымбаттады. Нұр-Сұлтанда бензин 5-9 теңгеге, Шымкентте 5-10 теңгеге қымбаттаған. Алматыда орташа баға литріне 150-153 теңгеден 159 теңгеге дейін көтерілді.

АИ-92 маркалы бензинінің ең қымбат бағасы Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Онда орташа баға литріне 163 теңге. Бензиннің ең төменгі бағасы Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, онда АИ-92 жанармайының бір литрі жүргізушілерге 152 теңгеге сатылады.

Айта кетейік, бензин 29-30 наурызда Нұр-Сұлтанның бірнеше жанармай бекетінде қымбаттаған болатын.

Энергетика министрлігі жанармай нарығындағы жағдайға түсініктеме берді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...