Қазақстанда баспана қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда бір жылда жылжымайтын мүлік қаншаға қымбаттағанын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бір жылда (2022 жылдың маусымы мен 2021 жылдың маусымы аралығы) екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,8 пайызға, жаңа тұрғын үй 19,5 пайызға өсті. 2022 жылдың маусымында жайлы тұрғын үйді жалға алу ақысы 21 пайызға өсті», — делінген хабарламада.

Бюрода өңірлік бөліністе алғашқы тұрғын үй нарығындағы баға жылдық есеп бойынша Нұр-Сұлтанда 27,9 пайызға өскенін атап өтті. Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшы Қызылорда – 46,7 пайыз, тұрғын үйді жалға беру нарығында — Алматы — 48,3 пайыз.

Бұған дейін қазақстандық сарапшылар еліміздің барлық қаласында пәтер бағасы неге қымбаттап жатқанын айтқан болатын.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...