Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап күшейді 

Қазақстанда мемлекеттен тапсырыс алатын балабақшаларда талап күшейтіледі. Жаңа ережеге сәйкес мұнда балалар үшін жайлы жағдай жасалып, қауіпсіз болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Шенеуніктер талапы күшейту мәселесін балабақшаларда жанжалдың көбеюіне байланысты қолға алған. Ал мұндай жағдайлар көбіне жекеменшік балабақшада орын алады екен. 

«Биыл бір жағдай тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Педагог жұмыстан қуылды. Барлық қызметкерлермен түсіндірме жұмыстары жүруде. Кәсіби жарамдылығы тексеріледі. Мұндай мәселе жекеменшік балабақшаларда болады. Мүны жасырмаймыз», – деді Түркістан облысы Адам әлеуетін дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаев. 

Қостанайдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланың бұғанасын сындырып жіберген. Алайда жедел жәрдем шақырудың орнына баланы тыныштандырмақ болған. Нәтижесінде оны емдеуге жіберген, ал тәрбиеші еңбек демалысына шыққан. Кейін жұмыстан қуылды. Ал балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапқа тартылды. 

«Иә, кешірім сұрады. Жағдайы қалай екенін сұрады. Бірақ неге дәл осылай жылжытқысы келгенін түсіндіре алмады. Не үшін жылжытқан. Полициядан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғаны туралы хабарлама келді», – деді зардап шеккен баланың анасы Дана Мағауина. 

Ата-аналар тәрбиешілердің қол көтеретініне және тиісті жағдайдың жасалмайтынына жиі шағымданады. Ал оқу-ағарту министрлігінің өкілдерімұның жалпы жүйенің мәселесі екенін айтады. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшалар үшін талап күшейтілді. 

«Біз мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талапты күшейту туралы бұйрықты қабылдадық. Енді мемтапсырыс жаңа ереже бойынша орналастырылады. Ол бойынша балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасалуы керек», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. 

Енді балабақшаларба бейне бақылау камералары, дабыл батырмасы мен ішкі дыбыстық құлақтандыру жүйесі орнатылуы керек. Сонымен қатар санитарлық талаптарға сай болуы да қаралады. Әрі тәрбиешілерге қойылатын талап күшейеді. Білім басқармалары балабақшаларды аралап, шарттармен танысу құқығына ие болады. 

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...