12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттады? Сауда министрлігі жауап берді

Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттағаны айтылды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көбіне импортқа тәуелді өнімдер, экспорттық сұранысы жоғары тауарлар мен маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністер бағасы өскенін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарлары бағасының өсімі 2,4 пайыз болды. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағасы өсім көрсетті», — деді министр.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Бұл сыртқы нарықтағы бағаны ішкі саудаға әкеледі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет», — деді ол.

Сондай-ақ, тұрақтандыру қорлардың қоры жеткіліксіз, яғни 3,7 миллиард теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2-1,4 пайызы. Айтуынша, бұл бағаға іс жүзінде тиісті әсер етпейді де.

«Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың (56,9 пайыз), қарақұмық жармасының (40,0 пайыз), күнбағыс майының (31,1 пайыз) және жұмыртқаның (17,5 пайыз) бағалары едәуір өсті.

Бұл ретте жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Тұрақтандыру қорларын тек тәуекелі жоғары импортқа тәуелді тауарларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет», — деді министр.

Ведомство басшысы нарықтық құралдар өзінің тиімді екенін көрсеткенін айтты. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы».

«Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден 21,9 миллиард теңге бөлінді. Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолымен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 миллиард теңгеге дейін ұлғайту керек.

Сондай-ақ өндірушілер бойынша нақты болжам жасау және жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлер мен тауарларға шағып отырып мемлекеттік қолдау шараларына қарсы міндеттемелерді белгілеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн.

Олардың жұмысын талдау қорытындысы бойынша министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапқа тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», — деді Сұлтанов.

№75 мекемесі Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық...

Осужденные женщины сыграли спектакль

В учреждении №10 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Сотталған әйелдер әртістерге спектакль қойды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне...