12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда ажырасқысы келген адамға айыппұл салынады

Stan.kz оқырманы ажырасқысы келетін және оған себеп болатын адамдарды заң алдында жауапқа тарту керектігін айтып, редакциямызға хат жолдаған еді. Айтуынша, ер адамдардың үйленіп, балалы болған соң тастап кетуі — әділетсіздік. Көп мөлшерде айыппұлдың салынуы ажырасудың алдын алып, жазықсыз сәбилердің ата-анасыз өсуіне тосқауыл болатын еді, дейді оқырман. Осы орайда редакциямыз ажырасқысы келген адамдарға айыппұл салыну керек пе деген сауалды отандық шоу-бизнес өкілдері мен мамандарға қойып, пікірлерін білді, деп жазады

Stan.kz

Қазақстандық эстрада әншісі Алтынай Жорабаева мемлекетке емес, мұқтаж отбасына төленсе, айыппұлды заңдастыруға болатынын айтады.

«Мен ешкім үшін жауап бере алмаймын. Әркім әр ситуацияда ажырасады ғой. Кейбір әйелдер мүмкін тиран болған күйеуінен құтылғанына қуанатын шығар. Айыппұлды қайда төлейді? Мемлекетке ме? Мемлекетке емес, қатты мұқтаж отбасына қомақты ақша төлесе мен қолдаймын. Әйтпесе, онсыз да жемқорлар толып жатыр ғой мемлекетте. Енді осылай ақша жасаудың жолына қатты атсалысуы әбден мүмкін», — дейді әнші.

Оның пікірінше, ажырасуды азайтудың басқа жолы — ислам дінінде.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отбасында жауапкершілік бірдей жүктелуі керек, дейді

«Отбасы дегеніміз бұл — екі адамның бас құрауынан құралатын шағын мемлекет. Екі адам құрғаннан кейін бұл отбасының сақталуы да сол екі адамға байланысты, жауапкершілік бірдей жүктелу керек. Мысалы, ажырасқан жағдайда бізде өкінішке қарай, көбіне ауыртпашылықты әйел адам көтеріп қалады, балаларды да өздері алып қалады. Оны асырап бағу бар, шығыны бар осының бәрі нәзік жанды әйелдің иығына жүк емес пе?!. Көбінесе ер азаматтар басқа отбасы құрғаннан кейін бұрынғы отбасындағы балаларын назарынан тыс қалдырып жатады. Мәселен, Түркияда ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда ер азаматтың бүкіл дүние-мүлкі екіге бөлінгенімен қоймай, қомақты қаржы төлетеді және ай сайын салық түрінде бұрынғы отбасына ақша төлеп тұрады», — дейді ол.

Айтуынша, осындай заңды қатаңдатып, ер-азаматтың жүгін ауырлатып қойғандықтан, Түркияда ажырасу деңгейі өте төмен.

«Ажырасып кеткен жағдайда да еркектер қайта-қайта үйленуге құмар емес. Өйткені ажырасудың қиындығы және қанша уақыт ақшасын төлеумен жүретіндігін ойласа керек. Көбінесе ерлерінің басы бос болып жүретіндігі сондықтан деп ойлаймын. Отбасын сақтап қалуға еркектері барынша тырысады», — дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын әйелдерге психологиялық, моральдық, материалдық көмек керек екенін алға тартады.

«Менің ойымша осы отбасы бөлінгеннен кейін, әйел онсыз да бар қиындықты арқалап қалады және «ажырасқан әйел» деген атаққа ие болады. Психологиялық депрессияға түсіп жатады. Сондықтан әйелдер қауымына психологиялық, моральдық және материалдық көмек керек. Балалардың әкелері өз жауапкершіліктерін ұмытпас үшін оларды заң алдында мәжбүрлеп қойған дұрыс деп ойлаймын», — дейді ол.

Ақын соңғы уақытта түрік азаматтары қазақтың қыздарымен қосылуға құмар болып бара жатқанын байқап, оның себебі құқығы қорғалмаған қазақ қыздарымен отбасын құрса, ажырасу қиындық тудырмайтындығы үшін емес пе екен деген болжамының бар екенін жеткізді.

Әнші Асхат Тарғын мемлекет қазір айыппұл мәселесін емес, жастарға жағдай жасау мәселесін шешкені жөн дейді. Себебі жастар арасындағы ажырасу деңгейінің өсуінің бірден-бір себебі — тұрмыс деңгейінің нашарлығы

«Айыппұлдың салынып-салынбауы туралы емес, ең алдымен басқа мәселені шешіп алу керек. Ерлі-зайыптылардың ажырасуына бірінші себеп — тұрмыстық жағдай. Қазіргі жастар үйленген соң, баспана мәселесін шеше алмай қиналады. Күнкөріс деңгейі төмен болғаннан кейін жанжал туындайды деп ойлаймын. Сондықтан тұрмыстық мәселені шешкен жөн. Үйленген жастарға жалақысы жоғары, үй ала алатындай жағдай мен жұмыс орындары қамтамасыз етілсе, жастар ажыраспайды деп ойлаймын. Себебі ешкім ажырасам деп үйленбейді», — дейді Асхат Тарғын.

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев жауапкершілік екі жақты болу керек екенін айтады. 

«Ондай айыппұл орынсыз деп ойлаймын. Отбасы құру әркімнің жеке таңдауы және әрдайым белгілі рисктер болып тұрады. Ажырасу да табиғи процесс. Келісе алмағанда бөлек кете алады. Неге айыппұл салынсын? Отбасылық жауапкершілік әрдайым екі жақты болады. Бұлар бүкіл жауапкершілікті ер кісіге жүктеп қойғысы келеді», — деді.

Психолог ерлі-зайыптылар одан да отбасылық психология курстарына қатысып, қарым-қатынас сақтап қалуды үйренгені дұрыс дейді.

Психоаналитик Гүлжан Досболқызы ажырасудың себептері әртүрлі болатынын айтады. Кейде ажырасуға көмек беру керек сәттер бар, дейді маман.

«Кейде ерлі-зайыптылар ата-енесінің себебінен, ал кейде материалдық себептен ажырасып жатады. Кейде ажыраспауға болмайтын себептер туындайды. Оның бірі — зорлық-зомбылық, физикалық күш көрсету, моральдық қысым жасау. Мұндай жағдайда ажырсуға керісінше көмектесу керек. Мұндай жерде тұру балаларға зиянын әкеледі», — дейді ол.

Маманның айтуынша, елімізде осындай жағдайда көмек беретін ұйымдар, медиаторлар бар, соттың өзі ойлануға уақыт береді. Алайда осы психолог мамандар мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс дейді.

«Екі адам ажырасу үшін келіп тұрғанда, олармен сөйлесетін мамандардың жұмысын дамыту керек. Психолог, психотерапевт, кәсіби мамандарға консультацияға бара алатындай мүмкіндік мемлекет тарапынан жасалуы қажет. Себебі психолог мамандар ақысыз жұмыс істемейді, ал мемлекеттік органдардағы мамандардың біліктілігі жақсы деп айта алмаймын», — дейді Гүлжан Досболқызы.

Айтуынша, айыппұл ажырасу себебіне қарай заңдастырылуы керек. Себебі кейде тұрмыстық зорлық көрген әйелдер ажырасқысы келеді, сол үшін оған айыппұл төлететін болса, бұл — әділетсіздік болады.

«Мүмкіндік болса, үйленер алдында неке келісімшартын міндеттесе деп ойлаймын. Міндеттері, құқықтары жіктеліп жазылса дұрыс болар еді. Келісімшарттың ішінде қандай да бір себептермен ажырасатын болса, айыппұл төленеді деп жазылса, болашақ жұбайлар алдын ала ойланады. Ажырасатын кезде емес, үйленер алдында заң тұрғысынан келсімшарт міндеттелген дұрыс. Сол кезде 50 пайызға болса да,  жастар жақсылап ойланады деп ойлаймын», — дейді ол.

Сондай-ақ, психоаналитик әйелдердің алиментке арыз беру процессінің де маңыздылығын атап өтті.

«Алимент бұрыннан заңда бар, біздің қоғамда алимент төлейтін жақ көбіне ер адамдар. Кейбір әйелдер алиментке өтініш бермейді: құжаттармен жұмыс істеуге еріне ма әлде қорқа ма, өндірмейді. Алайда алиментке арыз беру маңызды», — деп қорытындылады маман.

 

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...