Қазақстанда қантқа байланысты дүрбелең туды

Қазақстандықтар қантқа байланысты дүрбелең туғызды. Кейбір дүкендерде сөрелер босап, кезек пайда болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы әлеуметтік желіде Қарағандыдағы дүкендердің біріндегі видео тарады. Видеода адамдар қантқа таласып, ұрсысып жатыр. 

ekaraganda.kz мәліметінше, кейінгі екі күнде облыс орталығында қант сатылымы бес есе артқан. Алдағы күндері сөрелер қайтадан толтырылады.  

Қарағанды облысы әкімдігі тұрғындарды дүрбелең тудырмай, сабыр сақтауға шақырды. 

«Бүгінде күн сайын жеткізу жүріп жатыр, жұмыс режимі бойынша. Ай басынан бері коммерциялық қоймаларға  2 240 тонна тауар түсті. 18 аурызға қарай тағы 1500 тонна тауар келеді. Қоймаларға күн сайын тауар әкелінеді. Ол үшін қаржы ресурсы мен коммерциялық келісімдер бар», — деді әкімдік өкілдері. 

Дәл осындай жағдай Атырауда да байқалған. Қалада қант бағасы өсіп кеткен, ал кейбір дүкендерде мүлде жоқ. 

Ал Оралда екінші күн қатарынан дүкендер мен базарда қант жоқ. Ірі супермаркеттерде кезек. 

Қант тапшылығы проблемасы Көкшетауда да байқалған. 

Елдегі қант тапшылығы проблемасына сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде елде қант тапшылығы жоқ.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» — деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», — деді Әлішер Өмірзақ. 

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...