Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істеп жатқандарын айтады, бірақ біз 10 пайыздық шегерім бар ма, соған сүйенеміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар. Бүгінде Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының 22,5 мың азаматы жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын аударып жатыр. Оның ішінде 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасқан», — деді министр.

Оның айтуынша, жұмысқа орналасқысы келетіндер арасында ең танымалы — қызмет көрсету саласы.

«Олар негізінен қызмет көрсету саласына келеді, бұл — 72 пайыз. Өнеркәсіп — 16 пайыз, шамамен 9 пайыз — құрылыс, 2 пайыз — ауыл шаруашылығы. Кәсіптердің ішінде бухгалтер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлер, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер бар. Бұл шамамен топ-5 мамандық», — деді Тамара Дүйсенова.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...