Қазақстанда қанша адам 500 мың теңгеден аса табыс табады?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы өкілі Қазақстанда кедейлік шегінде қанша адам өмір сүретіні, қанша адам 50 мыңнан кем және 500 мың теңгеден жоғары табыс табатыны туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, кедейлік деңгейі 5,3 пайыз болады. Осылайша, елде 1 005 447 адам кедейлік шегінен төмен өмір сүретіні белгілі болды.

«Бюро жылына бір рет сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлердің жалақысының құрылымы мен бөлінісі бойынша тексеру жүргізеді. Нәтижесінде жалдамалы жұмысшылар — 2,9 миллион адам, ал орташа жалақы 45 000 теңгеге дейін екені анықталды. Оны қызметкерлердің 1,2 пайызы, 35,3 мың адам алды. 45 001 теңгеден 60 000 теңгеге дейін қызметкерлердің 6,5 пайызы, яғни 187 мың адам алады. Қызметкерлердің 5,4 пайызы, яғни 159,3 мың адам 500 000 теңгеден жоғары табыс табады», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, статистика бюросы 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ұлттық банктің әр кезеңдегі бағамы бойынша орташа айлық жалақы туралы деректерді ұсынды:

2011 жылы қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 90 028 теңге немесе 624 доллар;
2012 жылы — 101 263 теңге немесе 679 доллар;
2013 жылы — 109 141 теңге немесе 717 доллар;
2014 жылы — 121 021 теңге немесе 675 доллар;
2015 жылы — 126 021 теңге немесе 568 доллар.;
2016 жылы — 142 898 теңге немесе 418 доллар;
2017 жылы — 150 827 теңге немесе 463 доллар;
2018 жылы — 162 673 теңге немесе 472 доллар;
2019 жылы — 186 815 теңге немесе 488 доллар;
2020 жылы — 213 003 теңге немесе 516 доллар;
2021 жылы — 248 791 теңге немесе 584 доллар.

Ведомство қазақстандықтардың орташа жалақысы қалай анықталатынын түсіндірді.

«Бюро орташа айлық жалақы туралы деректерді кәсіпорындардың тоқсандық және жылдық статистикасы бойынша, жалақы қорының сомасын кәсіпорындағы қызметкерлерінің нақты санына және ай санына бөлу арқылы есептейді», — деп түсіндірді бюро қызметкері.

Орташа айлық жалақы көрсеткіші табыс салығы, зейнетақы аударымдары, сыйақылар мен үстемеақылар ескеріле отырып, жасалады.

«Жалақының орташа деңгейін есептеудің бұл әдістемесі басты әрі көптеген елдің статистикалық тәжірибесінде деректерді басқа елдің көрсеткіштерімен салыстыру үшін қолданылады», — деп толықтырды статистика бюро қызметкері.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.