Қазақстанда қандай жағдайда шетелдіктерді жұмысқа орналастыруға шектеу қойылады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда шетелдік азаматтарды жұмысқа орналастыруды шектеу шараларын енгізу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз ЕАЭО шартында көзделген халықаралық міндеттемелерімізді негізге аламыз. Біріншіден, бізде стратегиялық салалар бар, онда қазақстандық қызметкерлердің үлесі айқындалған. Егер бұл үлестен асып кетсе, біз осы салаларға жұмысқа қабылдауды тоқтатамыз. Салалар тізімін тиісті органдар анықтайды, сондықтан мен қайталаймын – қазір Ресейден де, басқа елдерден де келгендердің саны ұлттық еңбек нарығында ауыртпалық тудырмайды», — деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ол елдегі шетелдік азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай жағдайда шектеу шаралары енетінін айтты.  

«Кейіннен еңбекке қабілетті азаматтар санының артуы және олар қазақстандық қызметкерлердің үлесі бөлігінде біздің стратегиялық салаларымызға әсер етсе, онда шектеу шаралары қабылданады. Ең алдымен шетелдіктерге рұқсат беру тоқтатылады, ал ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін – жұмысқа қабылдау уақытша тоқтатылады», — деп түсіндірді Т. Дүйсенова.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, биыл 28 мың шетелдік қызметкерге квота берілген

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...