Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңге болады

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету «2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылауға шығарылған заң жобасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

– зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

– жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

– базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген.

Айта кетерлігі, 2022 жылдың қаңтарында ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті. Сонымен бірге, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге болып бектілді. Ал базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 36 018 теңгеге дейін артты.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.