12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет адам саудасына қарсы күрес туралы заң әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі қазір бұл қылмыс түрлеріне қатысты жеке заң жоқтығын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі басты бағыттарының бірі — Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын әзірлеу. Адам құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық конвенцияларда ратификацияланған көптеген ереже ұлттық заңнамаға енгізілді. Бұл ретте елімізде жеке заң қабылданған жоқ», — деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов.

Тұжырымдаманы әзірлеу 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал заң жобасы 2023 жылдың сәуірінде қабылданады деп жоспарланған.

«Жалпы, заң жобасы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құруға, уәкілетті органдарды анықтауға, ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін реттеуге, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз етуге, адам саудасының шетелдік құрбандарына көмек көрсетуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және басқаларына бағытталған», — деп түсіндірді Нұрмағамбетов.

Ол заң жобасының тұжырымдамасы тамызда «Ашық НҚА» порталында және eGov.kz сайтында жарияланатынын айтты.

В Карасайской ЦРБ впервые проведена малоинвазивная операция ПЭГ

В ГКП на ПХВ «Карасайская клиническая многопрофильная центральная районная...

Казахстанский коуч извинился за оскарбление материа ребенка с особенностями

В сети активно распространяется видео, которое коуч Сабырбай выложил...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

В Астане прошло праздничное спортивное событие среди детей с РАС

в Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие...