Қазақстанда ақбөкендерді спорттық мақсатта аулауға рұқсат етілуі мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санына қатысты сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, Қазақстандағы ақбөкен санының шамадан тыс өсуіне қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты.

«Халық жолдаған ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Яғни, ақбөкендерді басқа аймақтарға мәжбүрлеп көшіру мәселесі. Көбісі басқа облыстарға көшірейік деді. Бірақ, өкінішке орай, ғылыми қоғамдастық бұл шешімді тиімсіз және рұқсат етілмеген әдіс деп таныды», — деді министр.

Бекешевтің айтуынша, халық жіберген ұсыныс арасында қасқырлар санын көбейту туралы ұсыныс болған, бірақ бұлақбөкендер санының азаюына көмектеспейді.

Сонымен қатар, министр 2023 жылға қарай спорттық-әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.

«Бұл ақылы болады. Бұған дейін ақбөкен Қызыл кітапқа енбегені айтылған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынды. Ал бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз», — деп қорытындылады Брекешев.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...