12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда 9 сыныптың барлық түлектері колледждерге тегін қабылданады

Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қамтуды кеңейтуге бағытталған жұмыстар туралы айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-ы және 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы ақылы оқуға түседі.

«Біз ТжКБ жастарын қамтуды кеңейтуге тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. 300 мыңға жуық адам бірінші жұмысшы мамандығын тегін алды. Аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды 100 пайыз қамтуға кезең-кезеңмен өтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға дейін арттыру ескерілген»,- деді вице-министр.

Бибігүл Асылованың сөзінше, бірінші кезекте 9-сынып түлектерін колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұған дейін вице-министр Қазақстанда колледждерге түсу емтихандары болмайтынын хабарлады.

Kazakhstan Prevention Days аясында «Полициядағы бір күн» жобасы өтті

Бүгін Алматыда Kazakhstan Prevention Days атты еліміздегі құқықбұзушылықтардың алдын...

Молодежь Алматы начала учебный год с экологической ответственности и заботы о будущем страны

В ВУЗ-ах Алматы продолжается церемония Посвящения в ряды студентов...

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазіргі таңдағы қоғам дерті - сыбайлас жемқорлық болып отыр....

Проблемы и тенденции в госзакупках

Судебная практика по Туркестанской области в общей сложности представляет...