Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызылады

Қазақстанда 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны жақсарту үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу қажеттілігі туралы ереже күшіне енеді.

Бұл шара әрбір кәсіпорынның шығарындылары туралы жедел және сенімді ақпарат алуға бағытталған. Бұл бақылауға және шығарындыларды асыра бағалау кезінде шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы 66 мың гектар аумаққа ағаштар отырғызылған.

«Биыл бірқатар өңірде жергілікті деңгейде қаржыландырудың әлсіздігінен белгіленген межеге қолжеткізе алмау қаупі бар.

Айта кетерлігі, былтырдан бастап экологиялық төлемдер экологиялық жағдайды жақсарту шараларына бағытталуы тиіс», — деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Жобаның негізгі мақсаты – ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқаруды, су ресурстарын және орман шаруашылығын жақсарту.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...