Қазақстанда 400 адам түрмеден босатылды деген ақпарат тарады

Қазақстанда 400-ге тарта қылмыскер түрмеден босатылғаны туралы ақпарат жұртты шошытты. Бұл деректер жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы мәліметтермен фотосуреттер жіберуде.

«400 адам түрмеден босатылды. Олар қаланы аралап жүр. Өздерін кілем тазалайтын және сауалнама толтырып жүрген адам ретінде таныстыруда. Сақ болыңыздар», — делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айты.

«Біз ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейміз. Дұрыс емес ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қарастырылғанын еске саламыз», — деп хабарлады комитет.

Тепкілеп өлтірілген жігіттің өлімін кім жасырып отыр?

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ыстық су демалыс аймағында адам...

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...