Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар бос және 3 миллион гектар заңсыз берілген жайылымды анықтады, олардың 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, 4 миллион гектары айналымға тартылды.

«Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді», — делінген хабарламада.

Бүгінде елімізде шамамен 15 миллион гектар қоғамдық жайылым жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.

«Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарланып жатыр. Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді», — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Еске салайық, сәуірде Қазақстан мемлекетке қайтарылған пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін төрт есеге ұлғайтуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...