Қазақстанда 28 дәрігер коронавирус жұқтырды

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны 453 адамға жетті, оның 199-ы Нұр-Сұлтан қаласында. Елімізде 28 медицина қызметкері індетке шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Медицина қызметкерлерінің сырқаттануына қатысты да көптеген сұрақ қойылады. Біз бұл фактіні жасырмаймыз. Карантиндік нысандарда жұмыс істеп вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің арасында 28 адам бар», — деді министр онлайн брифингте.

Айтуынша, қазір барлық факті бойынша эпидемиолоиялық тергеу жүріп жатыр. Ақ халаттылардың вирусты жұқтыру себептері немен байланысты екені анықталады.

«Бұған дейін айтылғандай, инфекциялық стационарларда, карантиндік нысандарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Әкімдер барлық шараны қолға алды, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты ережелер сақталуы тиіс», — деп толықтыры ол.

Біртанов медицина қызметкерлерінің өздері де қауіпсіздік техникасын сақтауы керек екенін атап өтті.

«Әрине, проблема жоқ емес. Қазір олардың бәрі шешіліп жатыр», — деп түйіндеді министр.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

«Келешек»: инвестиции в будущее

В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ, ГДЕ СОСЕДСТВУЮТ ДИНАМИЧНО РАЗВИВАЮЩИЕСЯ ГОРОДА-СПУТНИКИ МЕГАПОЛИСА...