12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 16 278 шетелдік азамат еңбек етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа сай шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 8 115 және 825 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

Қытай – 3 685 адам,

Түркия – 1 977 адам,

Үндістан – 1 268 адам,

Өзбекстан – 1 195 адам,

Сербия – 1 109 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге сала кетейік.

Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет Басшысының берген тапсырмасын орындау үшін Еңбекмині Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Қазақстандағы жаңа жобалардың өңірлерге тигізетін әсері қандай?

2025 жыл Қазақстан үшін индустрияландыру қарқыны ең жоғары болатын...

Бюджет қаражаты қайда жұмсалып жатыр?

Қазіргі таңда Қазақстанда 2026 жылға арналған бюджет қалыптасып жатыр....

Қазақстан экономикасының әлеуметтік пайданы арттырудағы үш негізгі бағыты

2021-2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы айтарлықтай өзгерістер арқылы өсіп...

«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарға қандай бағыт-бағдар береді

Маңғыстау облысы жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы»...

Психологические костыли 

СОВСЕМ НЕДАВНО СТАДИОНЫ АСТАНЫ И АЛМАТЫ ТРЕЩАЛИ ОТ НЕСКОНЧАЕМЫХ...