spot_img
spot_img

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді?

1 мамырдан бастап қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ шоттарына аударылады

2022 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорындағы (ҚДКБҚ) кепілдік берілген депозиттер бойынша бір жыл бойы талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару үшін БЖЗҚ-ға аударылады.

«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы мәліметтер бойынша, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы саналатын әрі банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған екінші деңгейдегі банктегі (ЕДБ) депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға аударады.

Бұл норма Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгізілді. Осылайша, бұрын лицензиясынан айырылған ЕДБ-дегі депозит салымшылары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы 1 мамырға дейін төлем алу үшін ҚДКБҚ-ға жүгіне алады.

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамырда үш мерекені атап өтеді. Бұл — 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр — Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін сегіз күн болады.

Алматыда 1 мамыр қалай тойланады?

25 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ге жуық түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді. Елімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілетіні белгілі. Осыған орай 1 мамырда Абай алаңында «Достық туралы ән» музыка фестивалі өтеді. Концертте белгілі орындаушылар, соның ішінде Айқын Төлепберген, Ғазизхан Шекербек, Кәмшат Жолдыбаева, 2rar, Нұрмұхамед Жақып, Мәди Рымбаев, AYREE, А.Z, Ziruza, C.C.TAY, AlZaBi, КешYou өнер көрсетеді. 29, 30 сәуірде және 1 мамырда өтетін іс-шаралар туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Ардагерлерге Жеңіс күніне орай миллион теңге беріледі

Бүгінде елордада 18 ардагер тұрады, олардың ең үлкені — 102 жаста, ең кішісі — 96 жаста. 9 мамырда Жеңіс күніне орай олар 1 миллион теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады. Тыл еңбеккерлері (1946 адам), қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ЧАЭС қатысушылары қатарындағы оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдар 9 мамырға дейін 34 980 теңгеден алады. Олардың барлығы — 2 686 адам.

Ал Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і — Бостандық ауданының тұрғыны. Тыл ардагерлерінің саны — 10 600. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Биыл Қазақстанда Жеңіс күні әскери шеру өткізілмейді. Бірақ жоспарға сәйкес, Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған шаралар болады. Қорғаныс министрлігі елімізде жалпы саны 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

1 мамырдан бастап Душанбеге баратын рейстер саны артады

Қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуекемелерін де аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, екі ел арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.

Ганноверге рейстер ашылады

Сонымен қатар, әуекомпания мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 14 мамырдан бастап 4 қыркүйекке дейін сенбі мен жексенбіде Қостанайдан Ганноверге рейстер ашылады. Рейс қазақстандықтардың туыстары мен достары келуіне арналған. Өйткені отандастардың көпшілігі Төменгі Саксония мен көршілес федералды штаттарда тұрады.

Биыл мектептерде аттестат тапсыру салтанаты қалай өтеді?

Биыл қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі офлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтқан болатын.

«Бұл екі іс-шара да дәстүрлі түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді. (…) Әрине, өткен жылдары коронавирусқа байланысты шектеу шаралары болды. Сондықтан іс-шараларды өткізе алмадық, ал биыл аттестат тапсыру білім беру ұйымдарының қабырғасында салтанатты түрде өтеді», — деді ол.

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...