Қазақстан жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын мақұлдады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жасөспірімдерге арналған «Спутник М» ресейлік вакцинасын мақұлдау туралы шешім қабылдады. Вакцина 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан «Спутник М» вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды», – деді Ресей тура инвестициялар қорының баспасөз қызметіндегілер. 

Ресей тура инвестициялар қорында өзге елдердегі жасөспірімдерге салынған вакциналардың дозасы ересектердің вакцинасымен бірдей екенін мәлімдеді. Олардың сөздерінше, «Спутник М» арнайы жасөспірімдерге арналып жасалған. 

Ресей денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің «Гам-Ковид-Вак-М» вакцинасын («Спутник М») 2021 жылдың 24 қарашасында тіркеген. 

«Спутник М» вакцинасы «Спутник V» негізінде жасалған және 30 жыл көлемінде сыналған аденовирус векторының платформасында жасалған. Басты айырмашылығы құрамындағы аденовирус векторының 5 есеге азайтылуында. 

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп, екпенің қауіпсіз екенін анықтаған. 

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.