2022 жылғы шілдеде Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері мен мерейтойларының тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізетін уақыт келді деп мәлімдеді.
«Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданғанын еске салғым келеді. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды», — деді Президент.
Бұл мереке елімізде 13 жыл бойы аталып өтілмеген және 2022 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен ол күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
Осылайша, 2022 жылғы 23 қазанда Ольшанка ауылының «№52 мекемесінде» сотталғандарға «Қазақстан Республикасы күнін жаңғырту» тақырыбында дәріс өткізілді, оның барысында сотталғандарға бұл мерекенің қалай басталғаны және оның тарихы туралы айтылды. Соңында сотталғандар үшін Якорь мәдениет үйінің көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымы өнер көрсеткен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
СҚО бойынша ҚАЖД №52 мекемесінің
ТҚБТ аға инспекторы
әділета ға лейтенанты
М.Б. Сагандыкова


