Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады

Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақшолақов дизель отынын екі партиямен жеткізу жоспарланғанын айтты.

«Жалпы көлем 100 мың тоннаға дейін жетеді және бұл Ресейден келетіні анық. Бізге жақын жеткізушілерде дизель отынының онша мөлшері жоқ. Мұндай мүмкіндік әуе керосині сияқты қажет болған жағдайға алдын ала қарасытырлған. Сондықтан, жөнелтулер басталып кетті, бұл мәселемен «ҚазМұнайГаз» компаниясы тікелей айналысып жатыр», — деп түсіндірді министр.

Жақында дизель отынының бірінші партиясы жеткізіледі деп күтіледі, деді Болат Ақшолақов.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...