Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытуда келіссөз жүргізіп жатыр

Иран мен Қазақстан көлік-логистика саласында маңызды өңірлік хабқа айнала алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Иран Ислам Республикасының бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық делегация Тегеранда Иран Ислам Республикасының (ИИР) басшылығымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және екі ел арасындағы транзиттік әлеуетті жандандыру мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

ИИР-дің бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен келіссөз барысында қазақстандық тарап Иран аумағы арқылы «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты бойынша, кейіннен Парсы шығанағы, Африка, Оңтүстік Азия елдеріне және басқа да өңірлерге, оның ішінде мультимодальдық жүк тасымалдарын пайдалана отырып, жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүдделілігін растады. Қазақстан-Иран көлік ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығы туралы айта келе, Иран тарапы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келіссөздердің жемісті сипатын атап өтті. ИИР бірінші Вице-президенті М. Мохбер осы мақсаттарға қол жеткізу Иран мен Қазақстанды маңызды өңірлік хабқа айналдыра алатынын атап өтті.

Екі тарап та соңғы жылдары тауар айналымы өсімінің жақсы серпіні байқалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Иранмен саудадағы қазіргі халықаралық шектеулер кезінде де әлеует елеулі болып қалуда. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде Қазақстан астық, кондитерлік және ұн өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің, сондай-ақ жануарлардан алынатын басқа да өнімдердің экспортын ұлғайтуға дайын. Бұл ретте, Қазақстанда Иран жеміс-көкөніс өніміне сұраныс бар.

Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін де талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды, мысалы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мұнай, көлік және қалалық даму министрліктерінде, сондай-ақ теміржол әкімшілігінің, Ұлттық банктің, ұлттық мұнай компаниясының басшылығымен, Сауда-өнеркәсіп палатасының және елдің кейбір провинцияларының өкілдерімен кездесулер өтті.

Айта кетейік, Ирандық инвесторлардың қатысуымен Қазақстан аумағында ет комбинатын салу, майлы дақылдарды қайта өңдеу, астық жинау комбайндарын құрастыру және өзге де жобалар табысты іске асырылды.

Иран тарапы сауда миссияларымен, өнім көрмелерімен және жетістіктермен алмасу екі елдің жеке секторы мен кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.