Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

Қазақстанда 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін бидай мен меслинді, бидай мен қара бидай ұнын шығаруға квоталар енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне бидай мен меслинді әкетуге сандық шектеулер 550 000 тонна мөлшерінде, бидай және қара бидай ұны-370 000 тонна мөлшерінде белгіленді.

Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Бұл тауарларды әкетуге сандық шектеулер елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

«Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан мен ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетілуге жатады», — деп хабарлады комитеттегілер.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.