12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан азаматтығын алған «келімсектерге» де жер сатылып, жалға берілмесін — Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев жер мәселесі туралы үнемі азаматтық пікірін білдіріп келеді. Жер шетелдіктерге сатылмасын деп талай бастама көтерді. Бұл жолы жер қазақстандықтарға да, Қазақстан азаматтығын алған азаматтарға да берілмесін деген ойын айтты.

«Әссәләму ғәләйкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтүһ. Жұма берекелі болсын, жақсыларым. «Жер шетелдіктерге сатылмайтын және жалға берілмейтін болды» деп бөркімізді аспанға атып қуану қандай бейшаралық? Жер деген Мемлекет болудың алғы шарты емес пе? Ұлтсыз Мемлекет құруға болады. Бірақ, жерсіз Мемлекет болмайды! Жерді сату — Отанды сату! Біз кешелі бері «Президент Отанды сатпайтын болды» деп қуанып жүрміз. Қасым-жомарт Кемелұлына рақмет! Даулы мәселенің нүктесін қоюға пәрмен берді. Енді парламенті бар, басқа да құзырлы органдар осы мәселені күлбілтелемей, кібіртіктемей шегелеп тастаса жарар еді. Бірақ ең басты мәселе: Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!!! Бүгін жемқорлықпен, парақорлықпен болсын, адал кәсіппен болсын (бұл мүмкін бе біздің елде?) дүние жиып үлгерген бай-бағландар, қалаған жерін меншіктеп алып, ертең келетін ұрпақ үй салып, мал бағатын, егін егетін жер түгіл өлігін көметін көр таба алмай, үнділер құсап мәйіттерімізді өртеп жүрмейік. Екіншіден, қазақ қызына үйленіп, я болмаса, басқа да себептермен Қазақстан азаматтығын алған «келімсектерге» де жер сатылып, жалға берілмесін! Мемлекетті құраушы кім болса, жер де соныкі. Ұлан байтақ жерді қанымен қорғап, ұрпағына мұра қалдырған бабаларымыздың аманатына қиянат жасауға болмайды. Әрине, бұл шешімге қуанбайды емес, қуанамын! Қуана отырып ұяттан қызарамын, ызадан қуарамын. Өз мемлекетіңде отырып өз жеріңе, өз тіліңе, өз дініңе, өз жанұяңа, өз денсаулығыңа қастандық жасалмағанына мәз болып қуану — қандай қасірет?!», — деді айтыскер парақшасында.

Желі қолданушылары айтыскердің сөзін қос қолдап қолдады. Мұның орында сөз екенін айтып жатыр.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің сатылуы туралы айтылып жүрген қауесеттерге нүкте қойды. Жер шетелдіктерге сатылмайтынын тағы бір рет ескертті.

Ас тұзы — ақ у!

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCl; натрий хлориді, тас тұзы,...

Мемлекеттік қызметшілер әдебі – қоғам сенімінің алтын арқауы

Мемлекеттік биліктің беделі мен қоғамның сенімі ең алдымен мемлекеттік...

В Алматы правозащитники и юристы поддержали поправки по запрету ЛГБТ-пропаганды

В Алматы состоялась конференция в поддержку поправок о запрете...

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено...

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...