Қазақстанға шетелден көп студент келеді деген болжам бар — министр

Қазақстанға шетелден көп студент келеді деген болжам бар. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Білім алу мүмкіндігін іздеп оралатын біздің де, басқа мемлекет азаматтарының да айтарлықтай көп ағынын күтеміз. Біріншіден, бұл 11 сәуірде Ресейдің Болон процесі ұйымына мүшелігін тоқтатуына байланысты.

Бұл жерде 1 шілдеден бастап еліміз Болон ұйымының тең төрағасы болғанын атап өту керек. 5-6 қазанда Нұр-Сұлтанда үлкен конференция өтеді. Министр ретінде мен Болон ұйымының тең төрағасымын. Сондықтан мұндай болжамдар бар, бірақ әзірге үлкен ағын жоқ, дайындала бастаймыз», — деді Саясат Нұрбек журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда Ресей дипломдарын тану туралы сұраққа жауап берді.

«ЕАЭО аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты келісім аясында несиелерді есепке алу, дипломдарды тану мәселелері әлдеқашан реттелген, сондықтан мұндай проблемалар болмайды. ЕАЭО-дан тыс жерде болса, бұл Ресейдің басқа елдермен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері. Қосымша екіжақты келісімдер бар, яғни Болон процесі шеңберінен тыс. Сондықтан, бұл БАҚ-та өршіп тұрғандай үлкен мәселе емес», — деп қосты ғылым және жоғары білім министрі.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.