Қазақстанға көшуді ұйғарған ресейліктердің саны туралы мәлімет жарияланды

2022 жылдың жеті айында Қазақстанға Ресей азаматтарынан тұрақты тұруға рұқсат алуға былтырғымен салыстырғанда екі есе көп өтініш түскен. Бұл туралы «Курсив» басылымының ресми сауалына Ішкі істер министрлігі берген жауапта айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы дәл осындай мерзімде 2 610 өтініш түссе, ал 2021 жылы — 2 853. Биыл ведомстволарға ресейліктерден 4 566 өтініш келіп түскен.

Басылым ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін, ал тіркелсе 90 күнге дейін бола алатынын еске салды. Алғашқы үш күн ішінде тіркелу қажет. Шетелдік азаматтар 90 күн болғаннан кейін уақытша тұруға рұқсат немесе ықтиярхат алуға құжаттар тапсыруға тиіс.

Рұқсат алуға немесе ықтиярхат алуға өтініш берген Ресей Федерациясының азаматтары көбінесе Қарағанды ​​облысын (9 877 адам), Алматы (7 684), Шығыс Қазақстан (7 415), Қостанай (5 456) және Солтүстік Қазақстан (4 734) облыстарын таңдайды.

2022 жылы 11 037 қазақстандық Ресейге тұрақты тұруға кеткен. Осы кезеңде Қазақстанға 2 134 598 шетел азаматы – жұмысқа, оқуға, емделуге немесе туризм мақсатында келген. 2 529 424 шетел азаматы қайтып кеткен.

Көбінесе Өзбекстан Республикасының азаматтары республикада жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш жасайды: мысалы, 2022 жылы берілген 198 806 ЖСН-ның 91 454 өтініш өзбекстандықтардан, 74 371 ресейліктерден, 7 896 Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 өтініш — қырғызстандықтардан, 1520 — украиндардан.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...