Қазақстан 2022 жылы коронавирусқа қарсы күреске қанша қаражат жұмсайды?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда биыл індетке қарсы күреске бөлінген қаражат көлемін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Коронавирус инфекциясымен күресу үшін биылға 100 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Салыстырмалы түрде былтырғыға қарағанда, бұл (бюджет) алты есе аз. Ауруханаларда науқастар аз, биыл екінші толқын басталды», — деді министр ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, бұл сома толық жетеді. Жетпеген жағдайда бюджетті қайта қарауға әрқашан мүмкіндік бар екенін айтты.

Мамырдың ортасында өткен брифингтердің бірінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылы COVID-19-мен күресуге бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалғанын, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...