12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ неге жылқыда өт жоқ дейді?

Халық арасында «жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреу жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деген сөз бар. Осыған қарап әлі күнге дейін жылқыда өт жоқ дегенді көп адамдар тура мағынада қабылдап, оған еш күмәнданбайды. Неге жоқ дегенге кейбірі мүлде бас қатырғысы келмейді. Ал шындығында жылқыда өттің барын мал шаруашылығы саласындағы ғалымдар жақсы біледі. Олар маманданған кезде мұның бәрі оқытылады. Ол болмайтын болса организмге түскен қоректік заттағы май ыдырамайды, ішек қимылға келмейді.

Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінң профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қайрат Исхан: «организмде өттің екі түрі кездеседі. Біріншісі қаптағы өт, екіншісі бауырлық өт. Азық қабылдағанда, ауыз қимылдаған кезде қарын қимылдап, ішекке қоректік заттар барады да қалтадағы өт ішекке тамып өз қызметін жасайды. Бактеристік қызмет атқарып, микроорганимді өлтіреді. Ата-бабаларымыз өт қалтасы болмағандықтан жылқыда өт жоқ деп айтып кеткен. Ол сырт көзге бірден көрінбейді. Бауырдың ішін тілсеңіз өттің сол жерде жинақталатын көресіз. Ал жылқыны сойған кезде бауырды бөліп алып ағзадан тыс жерде қараса өзектерінде ғана аздаған жасыл түсті сұйықтықтар кездеседі. Өйткені бауырдың ішінде өт цистернасы деген болады. Мал дәрігерлерін дайындаған кезде осының бәрі айтылады. Бұл ғылымда қазір ешқандай талас тудырмайды. Ғылымнан хабары бар адам оны жақсы біледі. Мәселен, 1993 жылы шыққан «Жануарлар физиологиясы» деген кітапта да жазылған. Оның алдында бұл туралы академик Базанованың 1960-70 жылдары шыққан оқулығында да жазылған болатын. Бұл енді қай уақытта дәлелденді дегенде нақты бір адамның атын атау қиын», – дейді.

Жылқытанушы және бұл саладағы түрлі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың және бірқатар ғылыми кітаптардың авторының пайымдауынша, жылқының анатомиялық ерекшелігін сүйекке қарап, ал физиологиялық ерекшелігін қызметіне байланысты анықтайды. Ең кемінде 4 мың жылдық тарихы бар жылқы шаруашылығының отаны саналатын жерде өмір сүрген халықт бұл сөзді жайдан-жай айтпаған. Ол адамды ойлануға бағыттайтын өзіндік бір ерекшелікке ие тұжырым болуы әбден мүмкін.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

САМЫЙ ПОПУЛЯРНЫЙ ПРОДУКТ

НАРЫНКОЛЬСКИЙ КАРТОФЕЛЬ, ИЗВЕСТНЫЙ НЕ ТОЛЬКО В РАЙЫМБЕКСКОМ РАЙОНЕ АЛМАТИНСКОЙ...

Выбор в пользу жизни 

ПРОБЛЕМА НАРКОМАНИИ, ЛУДОМАНИИ И ИНТЕРНЕТЗАВИСИМОСТИ СРЕДИ МОЛОДЕЖИ СТАНОВИТСЯ ВСЕ...

Туркестан: от дизайн-кода до Тайқазана

В СООТВЕТСТВИИ С ЗАКОНОМ РК «ОБ ОСОБОМ СТАТУСЕ ГОРОДА...

Солнечный лучик, что по краю полотна

ПРИЗНАЮСЬ, ДАВНО НЕ БЫЛ НА ВЫСТАВКЕ КАРТИН СОВРЕМЕННЫХ ХУДОЖНИКОВ....

ГАРАНТ СПРАВЕДЛИВОСТИ И СТАБИЛЬНОСТИ 

В Мангистауской области состоялась конференция под названием «Конституция –...