Қазақ КСР халық әртісі Нариман Қаражігітов өмірден озды

Қазақ шығармашылық интеллигенциясы орны толмас қайғыға душар болды. Опера жанрының грандтарының бірі Қазақ КСР Халық әртісі Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов 87 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртіспен қоштасу рәсімі 16 наурызда туыстары мен достарының арасында өтті.

Мэтр бүкіл өмірін өнер мен ағартушылыққа арнады, Нариман Қаражігітов керемет әнші ғана емес, сонымен қатар жас орындаушылардың тәлімгері. 1979 жылдан бері ол Алматы консерваториясының доценті, кейін Қазақ мемлекеттік ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры болды.

Нариман Қаражігітов. Фото:conservatoire.edu.kz

Маэстро репертуарында классикалық қазақ және шетел операларынан ариялар, сондай-ақ қазақ халық әндері, орыс романстары мен шетел композиторларының әндері болды.

Нариман Қаражігітов орындаған Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қор болған жаным», «Көзімнің қарасы» және басқа да әндері Қазақ радиосының фонотекасында сақтаулы.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...