12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ БОЛА АЛМАЙ ОТЫР

Қазақ анимациясы дегенде ойға Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі оралары сөзсіз. 1967 жылы жарық көрген туынды әлемнің 48 елінде көрсетіліп, 1968 жылы қазіргі Санкт-Петербургте өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде жүлдегер атанса, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк фестивалінде «Кола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алған. «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген бұл туындыға 50 жылдан асса да, біздің елде анимация саласы өзінің даму жолын енді тауып келе жатқандардың санатында.

Бүгінде тәрбиенің құралы, қоғам айнасы деп экраннан күнде көріп тамашалап жүрген кино мен мультфильмдерді айтатынымыз анық. Сондықтан балдырғандар үшін еліміздің телеарналарында көрсетілетін бірегей отандық туындылардың маңызы зор. Бұл ұлттық дүниетанымды қалыптастыруға әрі қазақы мәдениет пен салт-дәстүрге балалардың бесіктен
бастап сусындауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, соңғы кезде экранымызды ұлттық өнімдерімізден гөрі шетелдің арзанқол мультфильмдері, жер бетінде жоқ темір кейіпкерлерге толы туындылары жаулап алғаны шындық. Ал жас ұрпақ сол кейіпкерлерге еліктеп өсіп келеді. Мәселен, кез келген үйде балаларының бірі «Супермен» болып, енді бірі «Өрмекші адам» кейпінде тыным таппай, ойнап жүреді. Енді бірі «Маша мен аю», «Настя», «Тачки» секілді мултьфильмдерге үйір. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, бүтін психологиясын мультфильмдердегі бейнелер жаулап алған. Жаһандану үрдісі белең алған шақта батыстан келіп жатқан анимациялық фильмдер жас ұрпағымыздың санасын улауда. Бұл туралы журналист Серікбол Хасан «Айқын» газетіндегі «Мультфильмде көрген монстрлар» атты мақаласында мультфильмнің тұнып тұрған идеология екенін айтады.

«Спанч Боб – төртбұрышты шалбар» деген америкалықтардың «шедеврі» бар. Бұлардың кейіпкерлері барып тұрған есерсоқтар. Біркөзді Планк тон-тұрқы биттің қабығындай бола тұра, басынан қулығы артылмайтын, қызғаншақ кейіпкер. Крабс деген шаянның мейрамханасын тартып алып, өз мақсатына өзгелерді алдаумен қолжеткізгісі келеді. Боб пен теңіз
жұлдызы Патрик бір-бірін «нақұрыс», «есалаң» деп тілдейді де жүреді. Бірбірінің басынан балғамен ұрады. Жеуге келмейтін нəрсені жейді (мəселен, майшамды). Осылайша, балаларға жеңіл юмор сыйлағысы келген. Бұл ешқандай юмор емес – баланың психикасын бұзу. «Спанч Боб» деген – гомосексуализмнің дайын жарнамасы. Екеуі де еркек кейіпкер бола тұра, Боб пен Патриктің қол ұстасып жүруі, бір төсекке жатуы, бір-біріне қылмыңдап-қылымсуы, тіпті бір қоңызды екеуінің бірігіп асырап алуы, сөйтіп Бобтың əйелдің киімін киіп «мама», Патриктің «папа» болуы, сол секілді сегізаяқ Скивардтың (бұл да еркек) қыздың бас киімін киіп, душқа түсуі, косметикаға жақын болуы, қысқасы, қызға қажетті бұйымдардан бас алмауы бəріде əдейі жасалған сюжеттер. Сондықтан бұл мультфильмді балаға көрсетуден біржола бас тарту керек», – дейді журналист.
Ал осы саланың атасы Әмен Қайдаров: «Бiз ұлт болып, егемендi ел болып, мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi дамытамыз десек, ең алдымен, тәрбиенi титтей бүлдiршiндерiмiзден бастауымыз\ қажет», – деп өмірінің соңына дейін қазақ мультфильмінің бүгіні мен ертеңіне алаңдап кетті. Шындығында, дүниені жанары қалай көрсе, жан дүниесі солай қабылдайтын бүлдіршіндердің тап-таза әлемін ластап жатырмыз. Біріміз күнделікті күйбең тіршілік деп, біріміз жұмыс деп, балаларымызға тиісті көңіл бөлуге уақытымыз бола бермейді. Бала тәрбиесі құрсақтан басталатынын ескерсек, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие құралдарының бірі – мультфильм. Алайда, суретке жан бітіріп, баланың дүниетанымын дамытатын мультфильмдер бүгінде тәрбие құралы бола алмай отыр. Себебі Қазақстанда төл анимациялық туындылар көп емес. Дей тұра бүгінде күрмеулі мәселенің күрмегін шешу үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Деректерге сүйенсек, соңғы он жылда Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен 50-ден астам анимациялық фильм түсіріліпті. Осының нәтижесінде елімізде 10-нан астам жеке студия бой көтерген. Елімізде негізгі анимациялық фильмдердің өндірушісі – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ базасында 2009 жылдан қайта құрылған «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігі. Бірлестік 10 жыл ішінде 40-тан аса қысқаметражды және 3 толықметражды анимациялық фильмді жарыққа
шығарған. Олардың ішінде қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Ер Төстік және Айдаһар» картиналары бар. Ал 2019 жылдың 3 қаңтарында «Кинематография туралы» заң қабылданды. Заңда бұдан былай ұлтымыздың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрін, болмыс-бітімін, әдет-ғұрпын, кемеңгерлігі
мен философиялық ұстанымдарын жас ұрпаққа таныстыратын тарихи жанрдағы фильмдер мен асқақ ойлы, рухы мықты ұрпақтың өсіп жетілу жолында маңызды орынға ие балалар киносына және анимациялық фильмдерге мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетілетіндігі туралы жазылды. Сондай-ақ аталған заңның 12-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар фильмдер, дебюттік фильмдер және оқиғалы фильмдер мемлекет тарапынан 100 пайыз қаржыландырылады деп көзделген. «Кейін тартса кежегең, аса алмайсың межеден» дегендей, бұрындары бұл салада мамандар жетіспейтін еді. Қазір кәсіби аниматорлар көп. Соған қарамастан анимациялық өнім әлі де сұранысты қанағаттандыра алмай келеді. Әрине, мультипликациялық үдеріс көп уақыт пен қыруар қаржыны талап ететіні анық. Дегенмен бала тәрбиесін дұрыс жолға қоямыз, ұлттық идеологияны жеткіншек санасына құямыз десек, ұлттық анимацияны дамытуды қолға алу керек.

Бекзат ИСАМБЕРГЕНОВ, аниматор:

Қазір мультфильмдер идеологияны насихаттаудың басты құралына айналғаны рас. Бұл жерде кітап та, сюжет те, әңгіме де, эмоция да, өлең де бар. Соңғы кезде ғалымдар «Мультфильм балаларды қатыгездікке үйретеді» деп дабыл қағуда. Мен бұл пікірге келіспеймін. Мультфильм балаға «былай істеу керек», «былай істемеу керек» деп үйретпейді. Бала «губка» секілді. Кез келген ақпаратты өзіне сіңіріп ала береді. Ал тәрбие сол сіңіріп алған заттардың барлығын сүзгіден өткізеді. Баланы тәрбиелейтін – ата-ана. Ата-ана қалай тәрбиелейді, бала солай өседі. Мультфильмдердің ешқандай әсері жоқ. Ол тек белгілі бір дүниені жақсы, жаман деп қарастыратын факт береді. Ал қайсысын таңдайсың, ол тек өзіңе байланысты. Жалпы, мультфильмнің жасалу жолы оңай емес. Бұл процесс ұзақ уақытқа созылады. Мысалы, 10 минуттық мультфильм болса, оны түсіру уақыты ол топтағы адамдардың саны мен техниканың қиындығына байланысты үштен сегіз айға созылуы мүмкін. Менің ең алғашқы тәжірибем 2013 жылы «Тастүлек» мультфильмін жасауға қатысудан басталды. Одан кейін менің қатысуыммен «Үш сыйлық», «Сиқырлы кітаптар» деген мультфильмдер жарыққа шықты. Отандық мультфильмдерден екі режиссердің туындыларын қараймын. Біреуі – Рамиль Усманов. Оның «Мақтаншақ қыз» деген 3D форматында жасалған мультфильмі бар. Екіншісі – Адай Әбілданов. Оның «Жерұйық», «Аңшы» деген қысқаметражды мультфильмдері бар. Олар қызықты, динамикасы бар, суреті де әдемі салынған. Жалпы қазіргі уақытта заманауи мультфильмдер шығару керек деп ойлаймын. Әрине, еске түсіру үшін, балалар білуі үшін тарихи мультфильмдер шығаруға болады. Алайда, біздің барлық мультфильміміз тарихи болып кетті. Қазіргі күнге лайықтылары жоқ. Мүмкін бар да шығар, бірақ олар туралы ешкім естіген жоқ.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...