12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аюрведа мен органикалық өнімдер көрмесі: Алматыдағы халықаралық ынтымақтастық алаңы

Алматыда қыркүйектің 10-ы күні «Атакент» көрме орталығында «Ayurveda & Organic Expo 2025» халықаралық көрмесінің қарсаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Үндістан мен Қазақстанның денсаулық сақтау, фармацевтика және сауда саласындағы жетекші сарапшылары, дипломаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Конференцияда сөз алған Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі, доктор Т. В. Нагендра Прасад екі ел арасындағы шөптік медицина мен аюрведа саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңге аяқ басқанын атап өтті. Оның айтуынша, табиғи өнімдер мен дәстүрлі медицинаның тәжірибесі бүгінгі күні профилактикалық денсаулық сақтаудың өзекті бағытына айналып келеді. Үндістанның Ayush министрлігінің ғылыми қызметкері доктор Абхиджит Дутта Қазақстанда аюрведаға деген қызығушылықтың артып отырғанына назар аударды. «Бұл тек қана емдік тәжірибе емес, ол – салауатты өмір салтына негізделген кешенді көзқарас», – деді ол өз сөзінде.

Жиын барысында Қазақстан тарапынан бірқатар сарапшылар баяндама жасады. ҚазҰМУ профессоры, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Асыл Кеңесқызы Бошкаева жаңа фармакологиялық қосылыстарды зерттеу бағытындағы тың ғылыми нәтижелерді ұсынды. ҚР Фармацевтикалық қызметті дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова елімізде дәрілік және табиғи өнімдерді тіркеу жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталса, Алматы облыстық филиалының директоры Шолпан Қасымбаева Еуразиялық экономикалық одақ стандарттарына сәйкестік мәселесін көтерді. Сонымен қатар, биологиялық белсенді қоспаларды тіркеу мен клиникалық сынақтардың талаптары, қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты ғылыми негіздер талқыланды.

Жиын барысында Қазақстан тарапынан бірқатар сарапшылар баяндама жасады. ҚазҰМУ профессоры, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Асыл Кеңесқызы Бошкаева жаңа фармакологиялық қосылыстарды зерттеу бағытындағы тың ғылыми нәтижелерді ұсынды.

ҚР Фармацевтикалық қызметті дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова елімізде дәрілік және табиғи өнімдерді тіркеу жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталса, Алматы облыстық филиалының директоры Шолпан Қасымбаева Еуразиялық экономикалық одақ стандарттарына сәйкестік мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, биологиялық белсенді қоспаларды тіркеу мен клиникалық сынақтардың талаптары, қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты ғылыми негіздер талқыланды.

«Ayurveda & Organic Expo» – ТМД кеңістігіндегі аюрведаға арналған алғашқы әрі жалғыз көрме. Сарапшылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар Қазақстанды Орталық Азиядағы сауықтыру индустриясының жаңа орталығына айналдыруға ықпал етпек.

Мауленбай Аружан 

Актуальные вопросы социально-культурного развития обсудили на секции Национального курултая

В Кызылорде, в рамках V Национального курултая, состоялось заседание...

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы...

Заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін талқылау

Қазіргі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңдылық...

Хабарландыру

Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 мамырдағы №а-5/87 «Егіндікөл...

Токаев: предстоит системное переформатирование Высшего законодательного органа

✔️В Астане состоялось заседание Рабочей группы по Парламентской реформе...