12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

 «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» атты Халықаралық байқауының марапаттау салтанаты

2024 жылдың 28 қараша күні әл-Фараби атындағы кітапханада БҰҰ-ның «Инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаның өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін көтермелеу» тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағын іске асыру мақсатында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жыл сайын өтетін «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанатын өткізді.

Байқау 2024 жылғы 1-12 қазан аралығында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3 және 4 курста оқитын  4 студенттерінен құралған топтар арасында жүргізілді. Негізгі талап – криминалистика пәнінің лабораториялық (тәжірибелік) сабақтарында оқытушының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің арнайы бабында орын алған қылмыс бойынша оқиға болған жерде бір аяқ киім ізінің гипсті қалпын құю, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексіне сай арнайы бирканы толтыру болды. Құйылған гипс ұйымдастырушыларға көрсетілген уақытта жеткізілуі тиіс еді.

Байқаудың мақсаты – криминалистика саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, студенттер арасында ғылыми әлеуетті арттыру, сондай-ақ қылмыстық құқық саласындағы теориялық білім мен практикалық іс-әрекетті байланыстыру болып табылады. Бұл байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, ғылыми болжамдарын жүзеге асыруға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Байқауға Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ, Туран университеті, Қонаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Санкт-Петербург кәсіподақтар университеті, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті және  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.

Байқаудың қорытындысы бойынша 7 университеттен 45-тен астам топтық жұмыс нәтижелері келіп түсті. Соның ішінен іріктеу нәтижесінде 20 диплом марапаттау салтанатына ұсынылды. Байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының сарапшы-криминалист студенттік ғылыми үйірмесінің ғылыми жетекшісі, аға оқытушы С.Ш. Даубасова арнайы  I, II және III дәрежелі дипломдарын табыс етті.

Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан барлық студенттерді құттықтап, олардың ғылыми зерттеулеріне, еңбекқорлығына және табандылығына жоғары баға берді. Келешекте де жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Әл-Фараби ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Даубасова С.Ш.

Республиканская Лига молодых предпринимателей меняет бизнес-ландшафт Казахстана

Молодые предприниматели Казахстана часто сталкиваются с серьезными вызовами: недостаток...

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік...

Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан...

Абай – мәңгілік поэзия

«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» –...