Аягөзде трансформатор өртеніп, қала түгел жарықсыз қалды

Абай облысындағы Аягөз ауданында алапат өрт шығып, қала жарықсыз қалды. Аудан әкімдігі бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәлімдемесі Abai news телеграм-арнасында пайда болды. 

«Аягөз қаласындағы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қосалқы станциясында шамамен 23:20-да болған өртке байланысты қазіргі уақытта қалада жарық толықтай өшірілді. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін келесі ауылдық округтерде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілген: Баршатас, Мәлкелді, Емелтау, Мәдениет, Байқошқар, Қосағаш, Мыңбұлақ, Нарын, Өркен, Бидайық, Айғыз, Ақшаулы, Ақтоғай, Қопа және Тарлаулы.

Алайда Аягөз қаласында, сондай-ақ Тарбағатай, Қарағаш, Майлин, Сарыарқа, Ақшатау, Мамырсу және Ақши ауылдық округтерінде электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылған.

Аудан әкімдігі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...