2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында БҰҰ-ның «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаның өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін көтермелеу» Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағын іске асыру аясында, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы ұйымдастырған «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанаты өтті.
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткізілетін жыл сайынғы шараның бірі. Байқау 2025 жылдың 6-17 қазан аралығында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3 және 4 курс студенттері арасында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Білім – ұлттық дамудың негізі, еліміздің болашағы мен қауіпсіздігі үшін ең маңызды құндылық болып табылады. Біз жастарымызға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдылар мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру жүйесін құруымыз керек. Бұл байқаулар жастарды жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді» деп атап өткен болатын. Бұл байқау дәл осындай білім беру жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараның жарқын көрінісі болып табылады.
Байқаудың негізгі мақсаты — криминалистика саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, студенттер арасында ғылыми әлеуетті арттыру және қылмыстық құқық саласындағы теориялық білім мен практикалық іс-әрекетті байланыстыру.
Байқау барысында студенттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің арнайы бабында орын алған қылмыс бойынша оқиға болған жерде табылған бір аяқ киім ізінің гипсті қалпын құю және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексіне сай арнайы бирканы толтыру талаптарын орындады. Құйылған гипс ұйымдастырушыларға көрсетілген уақытта жеткізілуі тиіс болды. Бұл талап студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастырып, нақты жағдайлардағы әрекеттерді дұрыс үйлестіруге мүмкіндік береді.
Байқаудың басты мақсаты — криминалистика саласындағы практикалық дағдыларды жетілдіру, студенттер арасында ғылыми әлеуетті арттыру және командалық жұмыс дағдыларын дамыту. Бұл байқау студенттерге шығармашылық қабілеттерін ашуға, ғылыми болжамдарын жүзеге асыруға және теория мен практиканың байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттердің криминалистика саласындағы білімдерін тексеруге және жаңа идеяларды тәжірибе жүзінде іске асыруға жағдай жасайды.
Байқауға Қазақстанның жетекші университеттерінен студенттер қатысты: Туран университеті, Қонаев университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалы, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Зерттеу университеті, Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.
Байқау қорытындысы бойынша 7 университеттен 90-нан астам топтық жұмыс нәтижелері келіп түсті. Олардың ішінен 48 диплом марапаттау салтанатына ұсынылды. Байқаудың жеңімпаздарына Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Темірболат арнайы I, II және III дәрежелі дипломдар табыс етті.
Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан барлық студенттерді құттықтап, олардың ғылыми зерттеулеріне, еңбекқорлығына және табандылығына жоғары баға берді. Бұл байқаудың жеңімпаздары болашақта құқық қорғау және криминалистика саласында жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға өз үлестерін қосатын болады деп сенім білдірілді. Алдағы уақытта жастардың ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерінің арта түсуіне мүмкіндік жасайтын осындай байқаулар мен шаралардың маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Келешекте де жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз! «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауы — студенттерге шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін, болашақ мамандарды даярлау жолында маңызды қадам болып табылады. Осындай байқаулар еліміздегі криминалистика саласындағы білім беру жүйесін нығайтып, жастарды кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етеді.


