12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Автокөлік ұрлығымен күрес: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД келісімшартына көлік ұрлаумен күрес туралы түзетулерді ратификациялайтын заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Құжаттың басты мақсаты — ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау және оны заңды иелеріне қайтару мәселелерін жедел шешу механизмін анықтау.

ТМД елдерінде автокөлік ұрлаумен бірлесіп күресу үшін тіркеуден шығарылған және бұзылған автомобильдер туралы ақпарат жазылатын мәліметтер базасы құрылады.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....