Авиация әкімшілігі Qazaq Air компаниясына тексеріс бастады

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексерілетін болады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды. Осыған байланысты ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тексеріс жүргізетінін хабарлаған болатын.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...