Ауыл шаруашылығы тұрақты дамуда

Қазақстан халқының 38 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Еліміздегі еңбекпен қамтылған халықтың 11 пайызы агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 6 жылда агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2,5 трлн теңге бөлінген. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,8 есе өсіп, 8,3 трлн теңгеге жетті.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына инвестициялар ағынының тұрақты үрдісі сақталуда. Мәселен, ауыл шаруашылығына инвестиция көлемі бес жылда 2,5 есеге ұлғайып, 2024 жылы 919 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде азық-түлік өндірісіне салынған инвестициялар 40 пайызға артып, 180,8 млрд теңгеге жетті. Инвестиция ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына да ықпал етті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандарға еңбек өнімділігі 4,2 млн теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен (2,1 млн теңге) екі есе көп. 2018–2024 жылдары елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есеге артып, 3,3 трлн теңгені құрады. 2024 жылы 2018 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 1,7 есеге артып 3,1 млрд-тан 5,1 млрд долларға жетті. Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік қолдаудың, инвестициялар тартудың және еңбек өнімділігін арттырудың арқасында нығайып, дамуын жалғастыруда. Осы факторлардың барлығы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын және оның ел экономикасына елеулі үлесін қамтамасыз етеді.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...