«Ауыл» партиясы ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістерді талқылады

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде  белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

Серік Рахметоллаұлы жиналған қауымды ел болашағы үшін маңызды құжаттың басым бағыттарымен таныстырып, ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге және шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық жарияланымдардың ықпалына түспей, тек ресми құжатқа сүйене отырып, сындарлы пікір қалыптастыруға шақырды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Конституция жобасының жаңа редакциясында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылды. Онда адам құқықтары мен бостандықтары — мемлекеттің басты басымдығы ретінде анықталып, бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттік құндылық ретінде бекітілді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту — мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттары ретінде аталып, цифрлық құқықтарды қорғау мен саяси институттарды қайта құру сияқты жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сәйкес нығайтуға бағытталған.

 «Ауыл» фракциясының депутаттары Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайту және Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа Конституция бойынша нақты шешім халық тарапынан жалпыұлттық референдумда қабылданады. Конституциялық комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...