«Ауыл нақыштары» – ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды фотокөрме

«Ауыл» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы қабырғасында «Ауыл нақыштары» атты фотокөрме өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді, ауыл адамдарының адал еңбегі мен туған жер табиғатының әсемдігін насихаттау. Көрмеге қойылған фототуындылар арқылы келушілер ауыл өмірінің шынайы келбетімен танысып, ұлттық рух пен қазақы болмысты терең сезінуге мүмкіндік алды.
Фотокөрмеде ауыл мәдениеті, еңбек адамының бейнесі, табиғат көріністері мен ұлттық дәстүрлерді арқау еткен ерекше жұмыстар ұсынылды. Әрбір туынды қазақ ауылының бай мұрасы мен рухани құндылықтарын көркем тілмен жеткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында партия өкілдері өнер академиясының студенттерін «Ауыл нақыштары» фотоконкурсына белсенді қатысуға шақырып, жастарды ұлттық мәдениет пен руханиятты дәріптеуге үндеді. Сонымен қатар, қатысушылар ауыл мәдениетінің қоғамдағы орны, ұлттық мұраны сақтау және жастардың дәстүрлі құндылықтарға қызығушылығын арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
«Ауыл нақыштары» фотокөрмесі ұлттық болмысты насихаттайтын мазмұнды мәдени шара ретінде көпшілікке ерекше әсер сыйлап, қазақ ауылының қадір-қасиетін дәріптеген тағылымды рухани алаңға айналды.
 Ахметбек ҚОҢЫРБАЕВ, Алматы қаласы «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының төрағасы

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...