Ауыл мектептері түлектерінің ЖОО-ға түсуіне арналған квота 35%-ға дейін ұлғаяды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасына мектеп оқушылары мен студенттер арасында әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау қалай жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл ауыл мектептері түлектерінің жоғары білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың квотасын 35 пайызға дейін ұлғайтып жатырмыз. Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, былтыр гранттарды бөлу кезінде алғаш рет әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға университетте оқуға квота енгізілді. Осының арқасында былтыр мүмкіндігі аз болғандарға енді мемлекет есебінен білім алу мүмкіндігі айтарлықтай артты.

Осы студенттердің бірінші оқу жылының нәтижесін және осындай шешімнің тиімділігін көріп, енді болашақта бұл квотаны одан әрі ұлғайтып, жалпы грант санының 15%-ына жеткізуді жөн көрдік. Яғни халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан тағы 5 мың бала мемлекеттік бюджетке оқуға мүмкіндік алады.Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар министр колледждер бойынша қандай шара қабылданып жатқанын айтты. Оның айтуынша, биыл республикалық бюджеттен қосымша 45 мың грант бөлінеді.

Олар біліммен қамтуды арттыру мақсатында әкімдіктер мен жергілікті колледждерге беріледі. Әкімдіктердің қаржыландыруы жеткіліксіз болғандықтан көбі колледжде оқуға тегін грант ала алмағаны жасырын емес, – деді Асхат Аймағамбетов.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....