«Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» форумы өтті

8 қараша күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Алматы облысы әкімдігі және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты форум өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл әйелдерінің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға серпін беру болды.
Форумға ауыл әйелдері, түрлі саланың белсенді өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Қатысушылар ауыл әйелдерінің табысты тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен әлеуметтік бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара аясында табысты ауыл әйелдерінің көрмесі ұйымдастырылып, әлеуметтік жобалар мен кәсіпкерлік бағыттар таныстырылды. Сонымен қатар, ауыл әйелдерінің мәртебесін көтеру, отбасы институтын нығайту және ауылдағы өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Форум соңында қатысушылар ауыл әйелдерінің ел дамуына қосып жатқан үлесін атап өтіп, ауылдық өңірлерде гендерлік теңдік пен мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар қабылдады.

Пресс-служба Ауыл партиясы Алматы қаласы филиалы

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...