Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің басты  көрсеткіштерінің бірі. Азаматтардың сотқа деген күмәнін азайту, істі қараудағы әділдік пен бейтараптықты қамтамасыз ету мақсатында құқытық жүйеде түрлі жаңашылдықтар енгізілген. Соның бірі — аумақтан тыс соттылық институты.

Аумақтан тыс соттылық – белгілі бір істі оның туындаған өңірінен тыс орналасқан басқа соттың қарауына беру мүмкіндігі. Бұл механизм соттың тәуелсіздігін күшейтуге, объективті шешім қабылдауға бағытталған.

Аумақтан тыс соттылықтың басты артықшылығы – бейтараптық. Істі қарайтын судьялар тараптармен немесе жергілікті жағдайлармен байланыссыз болғандықтан, шешім қабылдау кезінде эмоциялық немесе әкімшілік ықпал азаяды. Сонымен қатар: сот жүйесіне деген сенім артады, жемқорлық тәуекелі төмендейді, судьялардың тәуелсіздігі күшейеді.

Бүгінде цифрландыру дәуірінде сот процестерінің онлайн форматта өтуі аумақтан тыс соттылықты жүзеге асыруды жеңілдетті. Тараптар басқа өңірге бармай-ақ, бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатыса алады.

Аумақтан тыс соттылық – тек процессуалдық норма емес. Ол құқықтық мәдениеттің, әділдікке деген ұмтылыстың және сот жүйесін жетілдіруге деген талпыныстың белгісі.

                                 Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы А.Куншыгарова

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...