12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАУІПСІЗДІК-БАСТЫ НАЗАРДА

Осы аптада әкімдік сағаты екінші рет тікелей эфирде өтті. Оның себебі айтпаса да түсінікті. Ел тілегіне құлақ асу, сұрақтарына тікелей эфир арқылы жауап беру. Бір сөзбен айтқанда елмен етене жақын болу.
Осы тұрғыда бүгінгі тікелей эфиріміздің тақырыбына тоқталар болсақ, «Қауіпсіздік, Сақтық» жұмыстарына қатысты аудандық полиция бөлімінің жұмыстарымен танысу.
Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов тікелей эфирде:
— Бүгінде Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет атқарып, арыз-өтініштерін қанағаттандырып, алғыстарына бөленіп жүрген жайы бар. Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, полицейлердің табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.
Полиция қызметі қай кезде де оңай болмаған. Отанның тұтастығы мен халықтың тыныштығы ішкі істер қызметкерлерінің қолында.
Қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет.
Сондықтан тұрғындар қашанда қауіпсіздікті сезініп, өздерін еркін, тыныш сезінуі керек. Ол үшін еңбек етіп жатқан полицейлердің еңбектерін атап өтпеске болмас.
Жақында ғана ауданымыздағы полиция бөліміне жаңа басшы келді. Есімі-Асхат Аманқұлұлы Алметов.
Міне , бүгінгі әкімдік сағатында Асхат Аманқұлұлының бөлімде атқарып жатқан жұмыстарымен таныссақ. Сауалдарыңыз болса, тікелей эфир барысында белсенділік танытып отыруларыңызды сұраймын,-деді.
Эфир барысында полиция бөлімінің тыныс-тіршілігі кеңінен таныстырылды.
1200-ге тарта әлеуметтік желі қолданушылары бір мезетте тамашалап, 50-ге тарта сұрақтарға жауап берілді.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...