Ауғанстанда тәліптер әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды

Тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild мәліметіне сілтеме жасап.

Талибан «ізгілікті насихаттап, көргенсіздікті жоюға» бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы «көргенсіздік» болып саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы «ізгілік пен көргенсіздік» деп аталатын шектеулерді айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылды.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.