12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

Жақында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектер одағындағы мәлімдемесі ардагерлер арасындағы даудың себепкері болды.

Ашып айта кетсек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ұлы Отан соғысының ардагерлері санының азаюына байланысты олардың төлемдерін арттыруды ұсынған болатын. Ауған соғысы ардагерлері 22 мың теңге, ал Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткендер 17 мың теңге алады екен. Әскери борышын өтеу жолында қан көріп, оқ кешкен ардагерлерге бұл төлемақының тым аз екені айтпаса да түсінікті. Министр соғыс ардагерлерін бірінші категорияға көтеріп, басқа ардагерлерді жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылармен теңестіруді, оларға да төлемдерді көбейтуді меңзеген болатын. Дегенмен министр мәлімдемесі кей ардагерлердің шамына тиген. Мұндай алауыздыққа намыстанған Қазақстан Республикасы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің заңды тұлғалар бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы, Ақтөбе облысы ауған соғысы әскерлері қауымдастығының төрағасы Қойлыбаев Марат мәлімдеме жасады.

“Бүгінгі үндеуімнің мазмұны мынандай: Ауған соғысы ардагерлеріне үлкен салмақ болатындай әңгіме айтылып отыр. Біз олардың мәртебесін қорғауымыз керек. Бізді фашистермен теңестіріп, құрметсіздік білдіруге болмайды. 1980 жылдары Кеңес әскерінің қарулы күштерінің құрамындағы сарбаз болып жүріп ант бердік. Соның салдарынан бұйрықты орындап интернационалдық борышымызды өтеуге бардық. Құрылысшыларымыз үй, мектеп, жол салды. Дәл қазір оны айтып біреуге дәлелдеу қиын болар, бірақ бұл тарих. Біздің мақсатымыз 2020 жылы 6 мамырда жойылып кеткен құқығымызды қайтарғымыз келді. Бұл біреудің аузындағы несібесін тартып алып бізге бер дегеніміз емес еді. Ұлы отан соғысының ардагерлері қалмай барады. Осындай кезде ауған соғысында алған ардагерлеріміздің жан жарасын сауықтыруға сеп болса екен деп өз құқығымызды талап еттік. Бұл бастамамыз министрдің де ойынан шықты. Сондықтан ендігі жерде біз біртұтас болуымыз керек, елдің тәуелсіздігі мен көркеюіне өз үлесімізді қосуымыз қажет. Тәжік ауған шекарасында болған, Иракта әскери қызмет еткен, Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан баршамыз сүйекке таласқан иттей алауыздықты қоюымыз қажет. Қайта бірігіп еліміздің көркеюіне атсалысу парызымыз”, – дейді ол.

Расында да ел тұтқасын ұстаған ардагерлеріміздің бұл бастамасы орынды деп білеміз!

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....