Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 2026 жылдың 22 қаңтарында, ауа райының күрт нашарлауына, қатты жел соғып, қардың толассыз түсуіне байланысты Түркістан облысында жүк автокөліктерінің Тараз және Алматы қалалары бағытындағы қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

👮‍♂️ Түркістан облысы полиция департаменті жүргізушілерді:

•   жолда барынша сақ болуға
•   ауа райы жағдайын ескеруге
•   көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала тексеруге
•   жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

❗️Мүмкіндігінше алыс сапарларды кейінге қалдыруға, өзіңіздің және өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырамыз.

Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...