Ауған соғысының ардагерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Атырау облысы ҚАЖ департаменті және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері болып Ауған соғысының ардагерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады!

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және департаментке қарасты мекеме қызметкерлері Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Ауған соғысының ардагері, ҚР ІІМ ҚАЖ органының зейнеткері Ризабек Ғалымжанұлын арнайы барып, құттықтау жасап қайтты.

Шараның мақсаты – ел үшін ерлік көрсеткен азаматтардың еңбегін бағалап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. ҚАЖ департаменті қызметкерлері ардагердің үйіне барып, сый-сияпат жасап, жылы лебіздерін білдірді.
Ауған соғысының ардагері, ел алдында борышын адал өтеген азамат департамент өкілдеріне алғысын айтып, бұл кездесудің өзінің өмірінде ерекше орын алатынын жеткізді.
– Еліміз бейбіт өмір сүріп жатса, бұл – Тәуелсіздіктің, сондай-ақ ел қорғауда ерлік танытқан азаматтардың арқасы. Сіздердің осындай құрмет көрсетулеріңіз – біз үшін үлкен мәртебе, – деді ардагер.
ҚАЖ департаменті басшылығы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Бұл – жастарға өнеге, ерлікке тағзым, тарихқа құрмет.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...