Атырауда 84 киіктің өлексесі табылды: жағдайға әкімдік жауап берді

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты екі ауылда киіктердің өлексесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлекселер қазан айынан бастап табыла бастаған. Содан кейін тұрғындар дереу құзырлы органдарға хабарлаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Киіктердің сүйектері мен олардың ішкі ағзаларынан алынған патологиялық материалдар Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринар жөніндегі ұлттық референттік орталығының зертханасына сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша малдардың өліміне пастереллез ауруы себеп болғаны анықталды. Осыған байланысты «Охотзоопром» мекемесіне киіктердің өлекселерін жинауды ұйымдастыру және олар табылған жерлерді дезинфекциялауды сұрап хат жолданды», — деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қараша айында «Охотзоопром» мамандары облыстық ветеринарлық станциямен бірлесіп екі рет рейд жүргізіп, Сүйіндік және Азғыр ауылдық округтерінен 84 бас киік өлексесін жинады.

Барлық қалдықтар санитарлық талаптарға сай кәдеге жаратылды.

«Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында. Қазіргі таңда киіктердің өлексесі қалған жоқ», — деп түсіндірді әкімдік.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімдігінің сібір жарасына тексеріс жүргізіп, ет саудасын қатаң бақылауға алғанын жазған едік.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...