Атырауда 364 дана киік мүйізі тәркіленді

Атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі.

«ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512″ маркалы қару тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...